Күрделі жөндеуден кейін №4 қалалық емхананың ересектер бөлімі ашылды
Бүгін күрделі жөндеуден кейін елордадағы №4 қалалық емхананың ересектер бөлімі ашылды, деп хабарлады Elorda.info.
Балалар бөліміндегі жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталады. Әзірге олар Сейфуллин көшесінде орналасқан ғимаратта медициналық қызмет алады.
Медициналық мекемеде жаңа лифтілер, рентген, флюро, УДЗ аппараттары мен басқа да құрылғылар орнатылды. Демалыс орындары кеңейтілді, жаңа жиһаздар алынды, заманауи желдеткіш, ауаны баптау жүйелері, электр қуаты, су құбыры, кәріз жүйесі, шатыр жабындысы және тағы басқалары жаңартылды. 90 мыңға жуық тұрғын тіркелген емханаға 9 ай ішінде 250 мыңнан астам қызмет алушылар келген.
Қабылданған «Елорданың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында жөндеу жұмыстары мен қажетті заманауи құрал-жабдықтарды сатып алуға қалалық мәслихат қаражат бөлуді қолдаған. Бұл халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен сапасына тікелей әсер ететіні сөзсіз. 2023жылдың соңына дейін елордалық 10 медициналық мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.
-->Бүгін күрделі жөндеуден кейін елордадағы №4 қалалық емхананың ересектер бөлімі ашылды, деп хабарлады Elorda.info.