Астанада клиенттің темір тұлпарын ұрлаған көлік жуушылар ұсталды
Астанада автокөлік жуушылар клиенттің көлігін ұрлап, трассаға шығып кеткен, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында үш автокөлік айдап әкетуші Көкшетау қаласындағы тұрғын үйдің жанында ұсталды.
Алайда көлік жуушылар Көкшетауға қарай шығып кетіп, жолда полиция қызметкерлеріне ұсталды.
Күдіктілер Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандардың екеуі бұрын бірнеше рет сотталғаны анықталды.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал автокөлік иесіне қайтарылды.
-->Астанада автокөлік жуушылар клиенттің көлігін ұрлап, трассаға шығып кеткен, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында үш автокөлік айдап әкетуші Көкшетау қаласындағы тұрғын үйдің жанында ұсталды.
Елорда тұрғыны полицияға көлік айдап әкетілгені туралы арызбен жүгінді. Әйелдің айтуынша, кешкі уақытта ол Honda Fit LX-ті автокөлік жуу орталығында кілттермен бірге қалдырып, таңертең оралуға уәде берген. Жұмысшылар алдымен көлікті жуған. Ал жұмыс күнінің соңында олардың ішімдік ішкені анықталды. Осыдан кейін олар біреудің көлігімен қаланы бір айналып келмекші болады, - деп жазылған хабарламада.