Астанада Рухани келісім күнінің 30 жылдығы атап өтілді
Астанада Рухани келісім күнінің 30 жылдығына орай «Рухани келісім – бейбітшілік негізі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді, деп хабарлады Elorda.info.
Конференцияны Астана әкімдігі Дін істері басқармасының қолдауымен діндерді зерттеу орталығы ұйымдастырды.
Бейбітшілік және келісім сарайында өткен екі күндік семинарға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Рухани келісім күні идеясының авторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджан, ҚР АҚДМ дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бәкіров, қалалық Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов, елорданың діни бірлестіктерінің басшылары, сондай-ақ, АҚШ, Ливан, Үндістан, Швейцария, Германия, Ресей және Қырғызстан елдерінің мамандары қатысты.
Рухани келісім күнін мерекелеу аясында елорданың мешіттері мен ғибадатханаларында қасиетті және литургиялық қызметтер өткізілді, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қайырымдылық түскі ас ұйымдастырылды, дөңгелек үстелдер өткізілді, сондай-ақ қатысушылар үшін Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда концерт ұйымдастырылды.
-->Астанада Рухани келісім күнінің 30 жылдығына орай «Рухани келісім – бейбітшілік негізі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді, деп хабарлады Elorda.info.