Елорда жаңалықтары

Астанада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

2023 жылғы 10-12 ақпан аралығында Астанада жеңіл атлетикадан 10-шы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыс «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінің ғимаратында өтпек. Алдағы чемпионатқа дайындық мәселелері мен осы жылдың қорытындысын елордалық жеңіл атлетика федерациясының төрағасы, Астана әкімі Алтай Көлгінов, Федерацияның бас хатшысы Асхат Сейсембек және т. б. талқылады.

Кездесуде Астанада жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін ашу мәселесі талқыланды. Елорда әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалар мен жасөспірімдер мектептерін, федерацияларды қолдауға, бұқаралық спорт түрлерін насихаттауға ерекше назар аударады.

Еске сала кетейік, Жеңіл атлетикадан (Кувейтте) жасөспірімдер арасындағы төртінші Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті - жалпы командалық есепте бесінші орынды иеленді. Астаналық спортшы Анастасия Колода 400 метрге кедергілермен жүгіруде күміс медаль жеңіп алды.

Осы жылдың желтоқсан айында жеңіл атлетикадан Әмен Тұяқовтың жүлделеріне арналған халықаралық турнир өтеді.

Еске сала кетейік, осы жылы Астана жеңіл атлетика федерациясының қолдауымен түрлі бұқаралық іс-шаралар өтті: Nur-Sultan Half Marathon, Astana Marathon, оған 30-дан астам елден 7 мыңнан астам қатысушы қатысты.

-->