Елорда жаңалықтары

Еліміздегі ЖОО комплаенс мамандарын даярлай ма

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің деректері бойынша Қазақстанда 6 мыңнан астам квазимемлекеттік және жеке сектор субъектісі комплаенс-қызметін енгізді. Бірақ жоғары оқу орындары бұл салада маман даярламайды. Сондықтан комплаенс-офицерлер тапшы. Мұндай пікірді елордада өткен Compliance & Security  форумының қатысушылары айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Форумға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметі басқармасының басшысы Нұрдәулет Сәмет, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Гүлнар Бижанова, сондай-ақ 350-ден астам заңгер, комплаенс-офицер, экономикалық және ақпараттық қауіпсіздік мамандары қатысты. Мұнда Қазақстанға «Комплаенс туралы Заң» қажет пе деген мәселе көтерілді.

Комплаенс-қызметі жұмыс орнындағы әдеп кодексінің бұзылуы мен сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен күреседі. Қазақстанға инвестиция құюға қызығушылық танытқан инвестор, алдымен ол елде бизнесті дамытуға қандай жағдай жасалғанына мән береді. Ал кейін сыбайлас жемқорлық қаупін жою мәселесі қалай реттелгеніне назар аударады.

Құқықтық саясатты зерттеу орталығының сарапшысы Денис Примаковтың айтуынша, 4 мыңнан астам қызметкері болса да,  жалғыз комплаенс офицер жұмыс істейтін компаниялар бар.

Ольга Сафонова комплаенс офицері бұл жеке мамандық дейді. Болашақта оның өз бөлімшелері мен кәсіби ортасы қалыптасады. Сондай-ақ Ольга Сафонова  кәсіпорындағы тәуекел, ішкі бақылау және қадағалау, заң талаптарына сәйкестігі, этикалық мінез — құлық, ақпараттық және технологиялық қауіпсіздікке тікелей жауап беретін қызметкер екенін жеткізді.  

-->

Адами ресурс жетіспейді. Бұл қызметке тәжірибесі жоқ мамандар қабылданып, жұмыс сапасына әсер етіп отыр. Компаниядағы антикор мамандардың санын жалпы қызметкерлер санына байланысты саралауды ұсынамын. Мысалы, 1000-ға дейін адам жұмыс істесе 1 қызметкер, егер 1000-нан көп болса, онда одан да көп болуы керек, - дейді маман.