Елорда маңында министрлік қызметкерлері 300-ден аса ағаш отырғызды
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкерлері Астана қаласы маңында орналасқан «Ақ қайың» орман тұқымбағының аумағына ағаш отырғызды, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шара Республика күніне орай, сондай-ақ жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде аталып өтетін орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отыр.
Акцияға Экология министрлігінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, эковолонтерлер қатысты.
Барлығы 100 адам 300-ден аса қарағай ағашын отырғызды.
-->Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкерлері Астана қаласы маңында орналасқан «Ақ қайың» орман тұқымбағының аумағына ағаш отырғызды, деп хабарлады Elorda.info.