Елордада Республика күніне орай футбол фестивалі өтеді
24 қазанда елордада республика күніне орай футбол фестивалі өтеді. Оған Қазақстанның түрлі қалаларынан 150 бала қатысады, деп хабарлады Elorda.info.
Спортшылардың физикалық және психикалық дағдыларын дамытумен қатар, адами қасиеттердің маңызын жоғары қоюы, еліне деген патриоттығы, командасына деген мақтаныш сезімі маңызды рөл атқарады.
Болашақта ұлттық құраманың мүшесі атанатын спортшылар салт-дәстүрлермен қатар, елдің өткен тарихын және даталы күндерін білуі қашанда маңызды болмақ.
25 қазан – Республика күні. Дәл осы күні Қазақстанның егемендігі жарияланып, еліміздің тәуелсіздігі үшін негіз қаланды.
Өткен 13 жыл ішінде бұл мереке тойланбады, бірақ 2022 жылы республика күні күнтізбеге ұлттық мереке мәртебесінде қайта енгізілді. Осыған орай елордалық футбол федерациясы мен Астана спорт басқармасы 24 қазанда Павлодар, Көкшетау, Қарағанды, Теміртау, Семей және Астана қалаларынан 9-10 жас аралығындағы 150 бала қатысатын футбол фестивалін өткізеді.
Балалық шақты барынша түрлендіріп, қызықты ету – еліміздегі ауқымды өзгерістердің маңызды бөлігі. Болашақта турнир дәстүрлі және өзге де ауқымды іс-шаралармен байланыстырылады деп жоспарланып отыр.
-->24 қазанда елордада республика күніне орай футбол фестивалі өтеді. Оған Қазақстанның түрлі қалаларынан 150 бала қатысады, деп хабарлады Elorda.info.