Елорда жаңалықтары

Елордада Республика күніне арналған челендж басталды

Бүгін ел астанасындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен жалпы ұлттық мереке – Республика күніне арналған челенджді қолдау мақсатында бейнеролик түсірілді, деп хабарлады Elorda.info

Елордалық спортшылар «Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясын қолдау мақсатында «Қазақстан Республикам менің» атты өлең шумақтарын оқып, Атырау қаласының белсенді спортшыларына челендж жолдады. 

#РеспубликаКүні, #ДеньРеспублики хэштегтерін қолдана отырып, видеолар азаматтардың жеке парақшаларында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі мемлекеттік және ведомстволық бағынысты мекемелердің парақшаларында жарияланады, дейді ұйымдастырушылар.  

Бейнероликтер патриоттық сезімді, елорда тұрғындарының бірлігін нығайтуға арналған және 25 қазан күнін ұлттық мереке ретінде Республика күніне құрмет көрсетудің көрінісі болып табылады. Іс-шараға елорда тұрғындарының барлығы үн қоса алады.

Оның айтуынша, Астанада қала халқын бұқаралық спорт іс-шараларына тарту, саламатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ туризмді дамыту жолға қойылып келеді. Әсіресе, елордалықтардың белсенді демалысын ұйымдастыруға барынша көңіл бөліне бастады. Жыл басынан бастап елордада 300-ге тарта бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оларға 80 мың қала тұрғыны мен қонақтары қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту, тұрғындар арасындағы спортпен шұғылданатын адамдар санын көбейту қолға алынды. Нәтижесінде, спорт секцияларының саны артып, саланы цифрландыру мәселесі жолға қойылып келеді.

Акция Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен өтті.

-->

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңға өзгеріс енгізіп, 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгіледі. Біз, Астана қаласының спортшылары Республика күнін жаңа ұлттық мереке ретінде «Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясын қолдау мақсатында Атырау қаласының спортшыларына осы челенджді жолдаймыз, – дейді Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев. 

#РеспубликаКүні, #ДеньРеспублики хэштегтерін қолдана отырып, видеолар азаматтардың жеке парақшаларында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі мемлекеттік және ведомстволық бағынысты мекемелердің парақшаларында жарияланады, дейді ұйымдастырушылар.  

Бейнероликтер патриоттық сезімді, елорда тұрғындарының бірлігін нығайтуға арналған және 25 қазан күнін ұлттық мереке ретінде Республика күніне құрмет көрсетудің көрінісі болып табылады. Іс-шараға елорда тұрғындарының барлығы үн қоса алады.

Ел ертеңі саналатын өскелең ұрпақ - ол сіздерсіздер. Спорттың саулық кепілі екені баршамызға белгілі. Десек те көпшілігіміз спортпен айналысуды тұрақты түрде дағдыға айналдыра алмай жүргеніміз тағы жасырын емес. Оның түрлі себептері де жетерлік. Бұл тұрғыда, үлкендер жағын айтпағанның өзінде, жастардың алдынан да көптеген кедергі көлдеңен шығып жатады. Жастарды спортқа баулу – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан бұл тұрғыдағы атқарылар жұмыстарды жандандыру аса маңызды. Әрі кезек күттірмейтін мәселе, – деді қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Давлетов.