Елорда жаңалықтары

Астанада «Күйшілер аллеясы» ашылды

Елордада Республика күніне орай «Күйшілер аллеясы» ашылды, деп хабарлады Elorda.info.

Мұнда қазақтың 101 күйшісінің есімі жазылған ескерткіш қойылған. Ескерткіштің бір ерекшелігі – бір жағында мыстан құйылған қобыз, бір жағында домбыра тұр. Мәрмәр тастан жасалған ескерткіштің ұзындығы -  3 метр, ал биіктігі - 2 метр. Идея авторы Төлеген Қуанышевтің айтуынша, мұны жасауға шамамен алты айдай уақыт кеткен.

-->

Байқасаңыздар, кіреберісте шаңырақ бейнеленген. Ал бұл қазақ халқының символы ғой. Сондай-ақ қазақты  өзінің күйімен,  өнерімен танытқан 101  күйшінің аты мәрмәр тасқа қашалып жазылған. Ал мұндай көлемді тасты Алматы облысынан алдырдық. Бүгін – ұлттық өнеріміздің мерекесі. Осындай мерекелер алда көп бола берсін, - деді идея авторы әрі профессор Төлеген Қуанышев.