Абай өмірі – ағылшын тілінде
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «The Wisdom of the Great Steppe – Abai Kunanbaiuly» және «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіш» атты қос ғылыми еңбектің таныстырылымы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Ұлттық академиялық кітапхана және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты бірлесіп ұйымдастырған бұл іс-шараға абайтанушылар, шетелдік дипломатия өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу орындарының басшылары қатысты.
Түркияның астанасы Анкарада ағылшын тілінде жарық көрген «The Wisdom of the Great Steppe – Abai Kunanbaiuly» ұжымдық монографиясы – шетелдік қауымға қазақтың бас ақыны Абай мен оның мұрасын жан-жақты танытуды мақсат еткен ғылыми басылым. Кітапта отандық және шетелдік ғалымдардың ұлы ойшыл ақынның заманы, туып өскен ортасы мен өмірі, ұлт зиялыларына жасаған ықпалы, әдеби мұрасы мен мектебі, шығармаларының қолжазбасы мен тілдік ерекшеліктері, діни көзқарасы мен тарихи дүниетанымы, философиясы мен данышпандығы, абайтану саласындағы өзге де өзекті мәселелерді жазған еңбектері қамтылған.
Екітомдық «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіші» 1889 жылы баспасөзде Абай туралы шыққан алғашқы мақаладан бастап 175 жылдық мерейтойы өткен 2020 жылға дейінгі барлық жарияланымдарды қамтиды. Библиографиялық көрсеткішке Абай шығармалары мен абайтану саласындағы кітаптар, монографиялар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, библиографиялық материалдар, диссертациялар (кандидаттық, докторлық және PhD), газет пен журнал мақалалары, тағы да басқа жарияланымдарды қамтыған ұзын саны 12 мыңнан астам дерек енгізілді.
Бірінші томда қазақ және шет тілдеріндегі Абай шығармалары мен абайтану бойынша 1069 басылымға ғылыми сипаттама жазылды. Соның ішінде Абайдың өмірі мен шығармашылығы, өнер түрлеріндегі көркемдік бейнесі, абайтану саласының қалыптасуы мен дамуына, зерттелу деңгейіне қатысты түрлі салада қорғалған 105 кандидаттық, докторлық және PhD диссертацияның сипаттамасы берілді. Екінші томға отандық және шетел газет-журналдар мен ғылыми конференция материалдарында Абай және абайтануға қатысты түрлі тақырыпта жарық көрген 10,5 мыңнан астам мақаланың, академик-жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының барлық тілдегі басылымдарының толық тізімі енген.
Қалиакбар Үсемханұлы
-->Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «The Wisdom of the Great Steppe – Abai Kunanbaiuly» және «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіш» атты қос ғылыми еңбектің таныстырылымы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Ұлттық академиялық кітапхана және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты бірлесіп ұйымдастырған бұл іс-шараға абайтанушылар, шетелдік дипломатия өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу орындарының басшылары қатысты.
Түркияның астанасы Анкарада ағылшын тілінде жарық көрген «The Wisdom of the Great Steppe – Abai Kunanbaiuly» ұжымдық монографиясы – шетелдік қауымға қазақтың бас ақыны Абай мен оның мұрасын жан-жақты танытуды мақсат еткен ғылыми басылым. Кітапта отандық және шетелдік ғалымдардың ұлы ойшыл ақынның заманы, туып өскен ортасы мен өмірі, ұлт зиялыларына жасаған ықпалы, әдеби мұрасы мен мектебі, шығармаларының қолжазбасы мен тілдік ерекшеліктері, діни көзқарасы мен тарихи дүниетанымы, философиясы мен данышпандығы, абайтану саласындағы өзге де өзекті мәселелерді жазған еңбектері қамтылған.
Екітомдық «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіші» 1889 жылы баспасөзде Абай туралы шыққан алғашқы мақаладан бастап 175 жылдық мерейтойы өткен 2020 жылға дейінгі барлық жарияланымдарды қамтиды. Библиографиялық көрсеткішке Абай шығармалары мен абайтану саласындағы кітаптар, монографиялар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, библиографиялық материалдар, диссертациялар (кандидаттық, докторлық және PhD), газет пен журнал мақалалары, тағы да басқа жарияланымдарды қамтыған ұзын саны 12 мыңнан астам дерек енгізілді.
Бірінші томда қазақ және шет тілдеріндегі Абай шығармалары мен абайтану бойынша 1069 басылымға ғылыми сипаттама жазылды. Соның ішінде Абайдың өмірі мен шығармашылығы, өнер түрлеріндегі көркемдік бейнесі, абайтану саласының қалыптасуы мен дамуына, зерттелу деңгейіне қатысты түрлі салада қорғалған 105 кандидаттық, докторлық және PhD диссертацияның сипаттамасы берілді. Екінші томға отандық және шетел газет-журналдар мен ғылыми конференция материалдарында Абай және абайтануға қатысты түрлі тақырыпта жарық көрген 10,5 мыңнан астам мақаланың, академик-жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының барлық тілдегі басылымдарының толық тізімі енген.
Бұл екі кітаптың да маңызы аса зор, кітапты құрастыруға белгілі абайтанушы ғалымдар қатысқан. Абайтанушы ғалымдар үшін де, жас ұрпақ үшін де өте қажетті кітап саналады. Себебі Абай зерттеуге қатысты деректер мен сипаттамалардың дені осы кітапта жинақталған, – деді Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Жандос Әубәкіров.
Қалиакбар Үсемханұлы