Елорда жаңалықтары

Елордада мәслихат депутаттары №1 арнайы мектеп-интернаты ұжымымен кездесті

Астанада мәслихат депутаттары ұстаздармен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Қаладағы №1 арнайы мектеп-интернатында өткен кездесуге Астана қаласы мәслихатының депутаттары Ерлан Дәкенов, Азамат Айтхожин, мектеп-интернаттың директоры Ұлан Қуаныш және ұстаздар  мен қызметкерлер қатысты.

Мұнда алдымен «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бағытында жиын өтті.

Жиналған қауым білім беру жүйесін, білім мен тәрбие берудің сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

Мектеп-интернат директоры Ұлан Қуаныштың айтуынша, мұндай кездесулер қажет.

Мектеп-интернатта қазіргі таңда 264 қызметкер жұмыс істейді.

-->

Бүгінгі кездесу барысында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Одан бөлек, мектеп-интернатта жұмыс істейтін әр қызметкер мәслихат депуттарына өз сауалдарын қойды. Сондай-ақ кейбір мәселелер бойынша өз ұсыныстарын айтты. Мұндай кездесулер жиі болып тұрғанын қалаймыз, - деді Ұ.Қуаныш.

Мектеп-интернатта қазіргі таңда 264 қызметкер жұмыс істейді.

Кездесу барысында біраз мәселе көтерілді. Оның ішінде ең бастылары – жалақының төмендігі, кадрлардың тапшылығы, жылы аялдамалар салу, автобус мәселесі. Байқасаңыздар, жылы аялдамалар тек қаланың ішіне қойылған. Біз ұстаздардың жұмысқа, балалардың мектепке келіп, білім алуына жағдай жасауымыз қажет. Бұл мәселелерді республикалық деңгейде көтеретін боламыз, - деді Астана қаласы мәслихатының депутаты Ерлан Дәкенов.