Елорда жаңалықтары

Астаналық оқушылар елорданы абаттандыру бойынша жобалар әзірлей алады

Астанада тұратын оқушылар қаланың қоғамдық кеңістіктері мен аулаларын абаттандыру бойынша жобаларды ұсына алады. Ол үшін елордалық Сарыарқа ауданында "Белсенді қала тұрғындары мектебі" (БТМ) курсына қатысушыларды қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Курстарға 9-10-сынып оқушылары қатыса алады. Сабақтар екі бөлімнен тұрады. Жобаларды егжей-тегжейлі әзірлеуге кіріспес бұрын, оқушыларға абаттандыру, қаржыландыру процесі қалай құрылғаны және өз жоспарын құру үшін не қажет екендігі туралы айтады. Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар өздерінің тұжырымдамаларының схемаларын жасай бастайды, олар комиссияның қарауына жіберіледі. Балалар жұмысының соңғы кезеңдері – онлайн дауыс берудегі жеңіс және Сарыарқа ауданының аумағында жобаны іске асыру болады.

"Белсенді қала тұрғындары мектебі" курсын іске асыру "Халық қатысатын бюджет" республикалық жобасына негізделеді. Сондықтан балалардың жобалары ауданның басқа тұрғындарының жобаларымен қатар дауыс беруге қойылады.

Курстар тегін өткізіледі. Жоба қатысушыларын іріктеу 26 қазанға дейін жалғасады. Жазылу үшін 8 701 225 74 64 нөмірі бойынша хабарласу қажет.

-->

"БТМ курстары енгізіліп, еліміздің басқа қалаларында өз нәтижелерін көрсете алды. Алайда, бұл жолғы қатысушылар алғаш рет балалар болып отыр. Мұндай жоба балаларға мектеп кезінен бастап өз қалалары үшін жауапкершіліктің болуын дамытуға және оларды Астананы жақсартуға бастамашылық жасауға үйретуге көмектеседі", – деді Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.