Астанаға 1,2 трлн теңге инвестиция тартылды
Соңғы жылдары елорда өндіріс саласына тартылған инвестиция бойынша көш басында тұр. Бұл туралы «Астана» телеарнасында шыққан «Комфортный город» деректі фильмінде айтылды, деп хабарлады Elorda.info.
Қолдау бірінші кезекте өңдеуші кәсіпорындар, тамақ өнімдерін, құрылыс материалдарын, машиналар мен жабдықтарды, медициналық, фармацевтикалық және тоқыма өнімдерін шығаратын зауыттарға көрсетілді.
-->Соңғы жылдары елорда өндіріс саласына тартылған инвестиция бойынша көш басында тұр. Бұл туралы «Астана» телеарнасында шыққан «Комфортный город» деректі фильмінде айтылды, деп хабарлады Elorda.info.
Соңғы 10 жылда Астана мемлекеттік қызметшілер қаласынан кәсіпкерлер қаласына айналды. Статистика бойынша қала экономикасының 80%-ын ШОБ құрайды. Бұл негізгі капиталға салынған кіріске де, инвестицияға да қатысты. Тұрғын үй құрылысы, логистикалық қызмет, білім, медицина, спорт. Былтыр негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша рекордтық жетістікке қол жеткіздік. Қалаға 1,2 трлн теңге инвестиция тарттық, деді «Astana INVEST» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» басқармасы төрағасының орынбасары Ерболат Қанафин.
Қолдау бірінші кезекте өңдеуші кәсіпорындар, тамақ өнімдерін, құрылыс материалдарын, машиналар мен жабдықтарды, медициналық, фармацевтикалық және тоқыма өнімдерін шығаратын зауыттарға көрсетілді.