Елорда жаңалықтары

Астана мектеп салудан көш басында тұр

Биыл Астанада 20 мың оқушы орны құрылды. Ал жыл соңына дейін тағы 11 мектеп ашылады. Үш жыл ішінде 70 мың оқушыға арналған 34 мектеп салынды. Бұл туралы «Астана» телеарнасында шыққан «Комфортный город» деректі фильмінде айтылды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазіргі таңда елорданың барлық аудандарында мектеп құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ үлкен мектептер салу туралы шешім қабылданды.

№89 мектеп-лицейінің мұғалімі Бикен Жақыпова баланың сабақтан үйге қандай көңіл-күймен оралуын оқу орнының орналасқан жері анықтайды деп есептейді.

-->

Егер жыл сайын 9 мың оқушы мектеп бітірсе, 25 мың бала 1-сыныпқа барады.  Бұл – 3 есеге көп. Байқағаныңыздай, бұл – нағыз жарыс. Демография мен құрылыс арасындағы бәсеке. Осындай жағдайда 1000 балаға арналған 5 мектеп салудың орнына 5 мың балаға арналған бір үлкен мектеп салған тиімді. Бастысы бұл істі жылдамырақ қолға алған жөн. Өйткені балалардың саны жыл сайын  артып жатыр, - деді сарапшы Ғазиз Әбішев.

№89 мектеп-лицейінің мұғалімі Бикен Жақыпова баланың сабақтан үйге қандай көңіл-күймен оралуын оқу орнының орналасқан жері анықтайды деп есептейді.

Мәселен, сыныптар шағын әрі ыңғайсыз болса, балалар 45 минут бойы қозғалмай отырады. Ал мұнда олар емін-еркін жүре алады. Біреуі компьютерге, енді біреуі тақтаға барады. Сыныптастарымен бірге сөйлесіп, белгілі бір тақырып бойынша талқылау да өткізеді. Сондықтан үлкен сыныптар өте ыңғайлы. Мұнда мұғалімнің жемісті жұмыс істеуі және балалардың оқуы үшін барлық жағдай жасалған, - дейді елордалық ұстаз.