Прибалтикадан Берлинге дейін: Барлаушы Бейсеналиевтің болмысы
Махамбет Бейсеналиев 1919 жылы қазіргі Түркістан облысы Бәйдібек ауданында дүниеге келген.
Ашаршылық кезінде отбасымен Ташкентке өткен. Алайда қалаға барғанда отбасынан ажырап қалып, көшенің балаларына қосылып кетеді. Көше кезіп жүрген жерінен оларды балалар үйіне қабылдайды. Балалар үйінен 1938 жылы жалғыз қазақ болып әскерге шақырылып, Отан алдындағы борышын Прибалтикада өтейді.
Содан әскерде жүргенде Кеңес-Фин соғысына алынады. Соғысып жүрген күндердің бір жексенбісінде оған монша жағуға тапсырма беріліп, ағаш дайындауға орманға барады. Сол кезде таңғы сағат 4-тер шамасында гүрілдеген ұшақтың дауысын естиді. Артынан анықтап қараса босқындардың бара жатқанын байқайды. Штабқа қайтып барса, батальон жоқ, содан кері шегіне отырып, жаяулатып Мәскеуге дейін жетеді.
Екінші дүниежүзілік соғыста Бейсеналиевтің қаруластарынан құрылған батальон Мәскеуде қайтадан жасақталып, зенит әуе қорғанысы болып қайта құрылады.
Бір күні орманда сарбаздар отырғанда жауынгер Бейсеналиев бір сәтке тысқарырақ оқшауланып, шығып кетеді. Дәл сол уақытта снаряд жарылып, отырғандар қаза болады. Осылайша, қаруластарының арасынан жалғыз өзі ажалдан аман қалады.
Майданда зенитчик, артиллериялық барлаушы болған Махамбет Бейсеналиев генерал В.Чуйковтың барлаушылар ротасында соғысты. 2-Беларусь майданында болды. Одесса, Польшаны, Варшаваны азат етіп, Берлинге дейін жетті. Алайда Берлинде соғыс біткен соң комендатурада тағы бір жылға қалдырылады. Сөйтіп 1946 жылы 20 наурызда запасқа шығарылған.
Көрсеткен ерлігі үшін барлаушы I, II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен наградталған. «Берлинді азат еткені үшін», «Польшаны азат еткені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдары мен Кеңес Одағының маршалы Г.Жуковтың медалі берілген.
Соғыс аяқталғаннан кейін елге келіп, партиялық ұйымдастырушы болған. Сол кезде енді ғана құрылып жатқан Алғабас аудандағы тың игеруге атсалысып, трактор жүргізген.
Ұлағатты ұрпақ өрбіткен соғыс ардагері Махамбет Бейсеналиев 2002 жылы 83 жасында қайтыс болған.
-->Махамбет Бейсеналиев 1919 жылы қазіргі Түркістан облысы Бәйдібек ауданында дүниеге келген.