Елордада такси жүргізушісі есірткі сатумен айналысқан (ВИДЕО)
Көлікті жалға алған такси жүргізушісі елордада есірткі сатумен айналысқан, деп хабарлады Elorda.info.
Polisia.kz жазуынша, елордалық полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізу барысында және «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде Астана қаласының аумағында аса ірі мөлшерде есірткі өткізу арналарын жойды.
Тінту барысында салонда жүргізуші орындығының астынан жалпы салмағы шамамен 200 грамм болатын каннабис тобы есірткісі салынған 35 полиэтилен пакеті табылған.
Сонымен қоса Тәуелсіздік даңғылында полиция қызметкерлері 29 жастағы Toyota Brevis автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Автокөлік құралын тексеру кезінде көлік салонында және жүк салғыштағы төсеменің астында салмағы 190 грамм мефедрон бар полиэтилен пакеттері табылды.
Қазіргі уақытта елорда аумағында есірткіні жеткізуге және өткізуге қатысы бар басқа да адамдар анықталып жатыр.
-->Көлікті жалға алған такси жүргізушісі елордада есірткі сатумен айналысқан, деп хабарлады Elorda.info.
Polisia.kz жазуынша, елордалық полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізу барысында және «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде Астана қаласының аумағында аса ірі мөлшерде есірткі өткізу арналарын жойды.
Мәселен, Қапал көшесінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі сатқаны үшін Lada Granta көлігінің 20 жастағы такси жүргізушісі ұсталды. Өзіне назар аудармау үшін такси көлігін арнайы жалға алған. Осылайша, жас жігіт тыйым салынған заттарды сатумен айналысқан. Ол арнайы жолақпен жүрген. Бірақ жолаушы тасымалдаумен айналыспаған, - деп жазылған хабарламада.
Тінту барысында салонда жүргізуші орындығының астынан жалпы салмағы шамамен 200 грамм болатын каннабис тобы есірткісі салынған 35 полиэтилен пакеті табылған.
Сонымен қоса Тәуелсіздік даңғылында полиция қызметкерлері 29 жастағы Toyota Brevis автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Автокөлік құралын тексеру кезінде көлік салонында және жүк салғыштағы төсеменің астында салмағы 190 грамм мефедрон бар полиэтилен пакеттері табылды.
Арнайы операция жүргізу кезінде полицейлер бір доза есірткі салынған пакеттердің 1000-нан астамын тәркіледі. Ұсталғандар кінәсін мойындады. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша «Аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілер Полиция департаментінің УҰИ қамалды, - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта елорда аумағында есірткіні жеткізуге және өткізуге қатысы бар басқа да адамдар анықталып жатыр.