Карантинге алынған аумақта 200-ден астам адам дезинфекция жұмыстарын жүргізді
200 - ден астам адам Абылай хан - Рысқұлбеков — Мүсірепов – Мұстафин көшелерінің қиылысында карантинге қоршауға алынған аумақта ауқымды дезинфекция жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.
Дезинфекция жұмыстарына әскери қызметшілер қатысты. Карантиндік аумақ толығымен қамтылды, дезинфекция жұмыстары жалғасады.
Аумақта орналасқан 9 үй карантинге жабылды: Мүсірепова көшесі 4, 7, 7/1, Рысқұлбекова көшесі 4/1, 4/3, 16/1, 8а, Мұстафина көшесі 21, 21/5. Бұл үйлердің тұрғындарына жақын маңдағы азық-түлік дүкендеріне шығуға ғана болады. Қалған жағдайларда үйден шығуға қатаң тыйым салынады. Дәрі-дәрмектерді тек тапсырыспен алуға болады. Периметр бойынша қоршау белгілері орнатылды, полиция кезекшілік атқарып жатыр.
Елордада дезинфекция жұмыстары күн сайын жүргізіліп жатыр. 2800-ден астам тұрғын үй үшінші рет дезинфекциядан өтіп жатыр. Күн сайын өңдеу жұмыстарына шамамен 500 адам шығады. Дезинфекциялық ерітінділермен қаланың барлық базарлары, медициналық мекемелері, сауда орталықтары, супермаркеттер, өткізу-бақылау бекеттері және басқа да адам көп жиналатын орындар өңделуде.