Қарағандыда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Бүгін Қарағанды қаласының маңында жауынгерлік кезекшілікті атқаруға дайындық бойынша жоспарлы ұшуларды орындау барысында Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Елорда Инфо Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Оқиға Қарағанды қаласыныңәуеайлағынаноңтүстікке қарай орын алды.Ұшқаннан кейін қозғалтқыштың біреуінен өрт шықты. Катапульттеуге бұйрықалғаннан кейін әскери ұшқыштар ұшақты елдімекеннен алшақтау жазыққа қарай бағыттады, азаматтық тұрғындарға қауіп төнбейтініне көз жеткізгеннен кейін экипаж катапульттелді. Ұшқыштар аман», - деп жазады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қорғаныс министрінің бұйрығымен авиациялық оқиғаны тексеру бойынша комиссия құрылды. Оқиға орнына Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің іздеу-құтқару қызметінің жасағы келді.
-->Бүгін Қарағанды қаласының маңында жауынгерлік кезекшілікті атқаруға дайындық бойынша жоспарлы ұшуларды орындау барысында Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Елорда Инфо Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Оқиға Қарағанды қаласыныңәуеайлағынаноңтүстікке қарай орын алды.Ұшқаннан кейін қозғалтқыштың біреуінен өрт шықты. Катапульттеуге бұйрықалғаннан кейін әскери ұшқыштар ұшақты елдімекеннен алшақтау жазыққа қарай бағыттады, азаматтық тұрғындарға қауіп төнбейтініне көз жеткізгеннен кейін экипаж катапульттелді. Ұшқыштар аман», - деп жазады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қорғаныс министрінің бұйрығымен авиациялық оқиғаны тексеру бойынша комиссия құрылды. Оқиға орнына Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің іздеу-құтқару қызметінің жасағы келді.