Елорда жаңалықтары

Мекеме қызметкерлерін тексеру барысында 18 адамнан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлерін тексеру жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласында медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлерін тексерістен өткізу жүргізіліп жатыр. Соның негізінде «Шарапат» әлеуметтік қамтамасыз ету орталығында қызмет ететін 380 адам тексерілді. Арасынан 18 адамның сынамасы оң нәтиже көрсетті. Науқастардың бәрі қазір ауруханаларға жатқызылды», - дейді Сәуле Қисықова. Айтуынша тиісті ем-дом клиникалық хаттамаға сәйкес қолданылып жатыр. «Қалған науқастардың жағдайы ойдағыдай. Уақытылы ем қолданылуда. Қазір карантинде 1 819 адам жатыр», - деп мәлім етті басқарма басшысы.

-->