Елорда жаңалықтары

«Ардагерлер туралы» заң жетістік деп ойлаймын – заңгер

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, Ауған соғысының ардагері Пернебек Өмірзақов бүгін Мемлекет басшысы қол қойған «Ардагерлер туралы» заңға қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бұрынғы заң 1995 жылғы 28 сәуірдегі заң болатын. Онда «Ауған соғысының ардагерлері Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген» делінген. Ал қазір олар бөлек бір топқа біріктіріліп, бөлек бапта қарастырылады. Яғни, олар басқа мемлекеттерде ұрысқа қатысқан ардагерлер деп аталады. Заңда ардагерлер негізгі бес топқа бөлініп жазылған. Төрт тобы анық жазылған, бесінші топ сегізінші бапта қарастырылған. Негізінен, бұл жерде әр топтың құқықтық мәртебесі жеке-жеке анықталған. Бұрын бәрі бір топқа кіргізілген болса, қазір Отан соғысының ардагерлері бөлек топқа, ал біздің аумақтан басқа, яғни бұрынғы Кеңес одағы, Қазақстан аумағынан өзге елдерде ұрысқа қатысқандар тағы бір топқа бөлінген. Одан кейін Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендер де топқа жіктелген. Әрі қарай еңбек ардагерлері, ал бесінші топ жаңағы сегізінші бапта көрсетілгендер», - дейді Пернебек Құрашұлы. Оның айтуынша, қазіргі заңда бұрынғы заңға қарағанда әрқайсына қарастырылған әлеуметтік көмек пен жеңілдіктер жеке топтар бойынша нақты көрсетілген. Сондықтан бұрынғыдай қайсы алады, қайсы алмайды деген түсініспеушілік туындамауы тиіс. «Одан кейін Кеңес одағы кезінде Чернобыль апатты аймағында болғандар, содан зардап шегіп, мүгедектік «алғандар» да бар. Олар да Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген. Яғни, мүгедектері мүгедектер қатарына, қатысушылары қатысушылар қатарына жіктелген. Олардың жеңілдіктері мен көмектері де белгіленген. Соны куәландыратын құжаттарды да қай жерден алу керектігі анық жазылған. Негізінен бұл заң жобасының талқыланғанына біраз уақыт болды. Бұл мәселе жиі көтерілді. Ауған соғысы ардагерлерінің, Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандар ұйымдарының бастамасымен бірнеше рет мәселе қозғалды. Енді біз бәрін біріктіріп, жаңа бір заңға енгізген дұрыс болды деп ойлаймыз. «Ардагерлер туралы» Қазақстан заңы Отан соғысы, Ауған соғысына, ТМД-ның оңтүстік шекарасын қорғауға, яғни Тәжікстандағы қақтығыстар, таулы Қарабахтағы ұрыстарға қатысқандарды біріктіріп отыр. Бұл жетістік деп ойлаймын. Ардагердің барлығы еленуі керек. Себебі оларды кезінде Отанымыз бұйрықпен жіберді. Әскерде бұйрық талқыланбайды. Берілген бұйрық орындалуы тиіс. Олар сол жаққа өздері кетіп, ұрысқа қатысам деген жоқ. Мемлекет жіберді, ел алдында қабылданған ант бар. Жауынгерлер антын орындап, өзінің интернационалдық борышын өтеуге барды», - дейді ардагер. Заңгердің пікірінше, қандай заң қабылданса да, ол барлығын қарастырды, енді басқа ешқандай мәселе туындамайды деп айтуға болмайды. «Мен заңгер ретінде айтатыным, қандай заң болмасын, ол әрі қарай жетілдіріліп отырады. Қарастырылмай кеткен мәселелер кейін туындап жатады. Олар әрине талқыланады. Бірақ қазақ «көш жүре түзеледі» дейді. Ең бастысы, бұл заң, яғни нормативтік-құқықтық акт қабылданды. Бұл негізгі заң бар деген сөз. Енді онда кемшіліктер табылып жатса, оларды жетілдіріп отыруға болады», - деп түйіндеді Пернебек Өмірзақов.

-->