Елорда жаңалықтары

Елордада кәсіподақ белсенділері дөңгелек үстел өткізді

Елордада Кәсіподақтар күніне орай құрылысшылар және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіподағы белсенділерімен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Жиынға бастауыш, салалық кәсіподақ ұйымдарының өкілдері мен елордалық мәслихат депутаты Динара Оразалина қатысты.

Жұмыскерлердің мүдделерін қорғау, олардың құқықтарының сақталуын қоғамдық түрде бақылау, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, еңбек дауларын шешу – бұл кәсіподақ ұйымының басты міндеті.

Құрылыс кешені және Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлері салалық кәсіподағының Астана қалалық филиалының төрайымы Тілеулес Мадьярова қазіргі таңда кездесіп жатқан мәселелерге тоқталып өтіп, еңбек жағдайына ерекше назар аудару керектігін айтты.

Іс-шара соңында еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарды қорғаудағы белсенді қызметі үшін бірқатар кәсіподақ мүшесі марапатталды. Кәсіподақта көп жылдар еңбек етіп, оның дамуына қосқан үлес қосқан мамандарға медальдар тапсырылды.

Аяулым Серік

-->

Сіздер кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғап, еңбек қауіпсіздігін сақтауда игі істерге бастамашы болып жүрсіздер. Ұжымдағы әр адамның лайықты көмек пен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етуде жемісті еңбек етудесіздер. Сіздерге еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау жолындағы жауапты жұмыста табыс, көпқырлы кәсіподақ қызметінде жаңа жетістіктер тілеймін.Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға береке, қызметтеріңізге табыс тілеймін!, - деп өз құттықтауын жеткізді Астана қаласы мәслихатының депутаты Динара Оразалина.

Жұмыскерлердің мүдделерін қорғау, олардың құқықтарының сақталуын қоғамдық түрде бақылау, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, еңбек дауларын шешу – бұл кәсіподақ ұйымының басты міндеті.

Құрылыс кешені және Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлері салалық кәсіподағының Астана қалалық филиалының төрайымы Тілеулес Мадьярова қазіргі таңда кездесіп жатқан мәселелерге тоқталып өтіп, еңбек жағдайына ерекше назар аудару керектігін айтты.

Еңбек қауіпсіздігі – Кәсіподақтар федерациясының тұрақты назарындағы мәселе. Федерация әлеуметтік әріптестік шеңберінде жұмысшылар үшін лайықты еңбек жағдайларын жасап, өндірістік жарақат пен кәсібіне байланысты ауру-сырқауға ұшырауды азайту мақсатында қолдан келер барлық жағдайды жасап отыр. Кәсіподақтардың басты міндеттерінің бірі – әлеуметтік әділеттілікті ілгерілету Ал бұл Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанды құру бағытымен үндес,- дейді Тілеулес Мадьярова.