"Біз біргеміз!" акциясы аясында 2 млн дана медициналық маскалар таратылады
Елордада ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы,"Nur Otan" партиясының көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев бастамашы болған "Біз біргеміз!" акциясының екінші кезеңі аясында 2 миллион бір реттік медициналық маскалар таратылады. Бұл туралы Елорда Инфо партияның қалалық филиалына сілтеме жасап хабарлайды. Басты назар аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, сондай-ақ жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге бағытталатын болады. Барлығы 40 мыңға жуық отбасы. Сонымен қатар, елордада ОДА мен барлық емханаларға маска беріледі. Өткен аптада барлық қалалық медициналық мекемелер антисептиктермен қамтамасыз етілді. "Медициналық маскаларды беру тәртібін бақылауды партиялық бақылау комиссиясына және партияның елордалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңеске жүктейміз. Сонымен қатар, біз санаттар бойынша мақсатты бөлу жөнінде есеп береміз", - деп атап өтті "Nur Otan" партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов.
-->Елордада ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы,"Nur Otan" партиясының көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев бастамашы болған "Біз біргеміз!" акциясының екінші кезеңі аясында 2 миллион бір реттік медициналық маскалар таратылады. Бұл туралы Елорда Инфо партияның қалалық филиалына сілтеме жасап хабарлайды. Басты назар аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, сондай-ақ жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге бағытталатын болады. Барлығы 40 мыңға жуық отбасы. Сонымен қатар, елордада ОДА мен барлық емханаларға маска беріледі. Өткен аптада барлық қалалық медициналық мекемелер антисептиктермен қамтамасыз етілді. "Медициналық маскаларды беру тәртібін бақылауды партиялық бақылау комиссиясына және партияның елордалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңеске жүктейміз. Сонымен қатар, біз санаттар бойынша мақсатты бөлу жөнінде есеп береміз", - деп атап өтті "Nur Otan" партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов.