Елорда жаңалықтары

Карантин режимін бұзған азаматтар қамауға алынды

Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен енгізілген  төтенше жағдай кезінде карантин режимі шарттарын өрескел бұзу фактілері анықталды. Бұл заң бұзушылықтар азаматтардың қауіпсіздігіне және денсаулығына қауіп төндірді. Тәртіпке бағынбаған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Елорда Инфо министрлікке сілтеме жасап. Осы кезеңде медицина қызметкерлерімен бірге «алдыңғы шепте» қоғамдық тәртіпті күзетуді, карантин режимін сақтауды жүзеге асыратын блокпостарда  полицейлер мен әскери қызметшілер де қызмет атқарып жүр. Төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап ТЖ режимін бұзғаны үшін (ӘҚБ туралы ҚРК-нің 476-бабы) және ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер үшін (478 ӘҚБ ҚРК-нің 478-бабы) әкімшілік жауапкершілікке 5 130 адам тартылды, оның ішінде 2479 адамға  айыппұл салынды, 1626  адам қамауға алынды. Мəселен, әкімшілік қамауға Алматы қаласының тұрғыны Асхат Жексебаев  тартылды, ол  тұрғындарды үйлерінен шығып, бос кәстрөлдермен ұруға шақырған бейне үндеуін жазған. Жамбыл облысынан Бағдат Бақтыбаев әлеуметтік көмек алуға өтінім рәсімдеуші туралы түсірілім жүргізіп, тұрғындарды төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермеледі. Ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттері үшін әкімшілік сот шешімімен Жаңаөзен қаласының тұрғыны Асхат Өтенов 20 тәулікке қамауға алынды. №4 Павлодар қалалық ауруханасының қызметі туралы əлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқан, ТЖ кезінде медициналық мекеменің қызметіне араласқан және бұзған қала тұрғыны Андрей Командин әкімшілік 5 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ ішкі істер органдары коронавирус туралы анық емес және жалған ақпарат тарату жағдайларын анықтайды. Бүгінгі күні 80 сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық осындай фактілер бойынша кінәлілер анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұдан басқа, полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзудың жолын кесу кезінде заңды қызметіне тіл тигізу және кедергі келтіру жағдайларымен күн сайын бетпе-бет кездеседі. Карантиндік шаралар біздің азаматтарымыздың денсаулығын сақтауға ғана бағытталғанына қарамастан, жекелеген тұлғалар енгізілген шектеулерді бұзуға жол береді. Осылайша олар ең алдымен өзінің және жақындарының денсаулығына қауіп төндіреді. Кейбір жағдайларда карантинді бұзушылар өздерін агрессивті ұстап, көбінесе полиция қызметкерлеріне тіл тигізуге, бағынбауға және қарсылық көрсетуге дейін барады. Барлық тәртіп бұзушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Дегенмен, азаматтардың көпшілігі шыдамдылық пен түсіністік танытатынын, оқшаулау режимін сақтайтынын, коронавирусты таратпаудың алдын алуда құқық тәртіп пен денсаулық сақтау органдарына жәрдем көрсететінін атап өту қажет. Елдегі төтенше жағдай режимі ұзартылды. Мемлекет азаматтарды коронавирустық инфекциядан қорғау бойынша барлық шараларды қабылдайды. Олардың тиімділігі карантиндік іс-шаралардың қатаң сақталуына, сондай-ақ біздің азаматтарымыздың тәртіптілігі мен жауапкершілігіне байланысты. Ішкі істер органдары төтенше жағдай режимін және карантиндік іс-шараларды сақтауды қамтамасыз етуді жалғастырады. Кез келген заң бұзушылықтар мен оларды жасауға шақыруларға заңнамаға сәйкес тосқауыл қойылады. ІІМ Төтенше жағдай кезінде азаматтарды коронавирус пандемиясынан туындаған қиындықтарды жеңу үшін бірігуге шақырады.

-->