Елорда жаңалықтары

Елордада теміржол ауруханасы бұрынғы қонақүйдің ғимаратына көшірілуі мүмкін

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов теміржол ауруханасының апатты жағдайда болуына байланысты 22 қабатты Ramada Plaza қонақүйінің ғимаратына көшірілетінін айтты, деп хабарлады Elorda.info

Әкім аурухана ашу үшін ғимарат ішінде операциялық блок пен басқа да үй-жайларды жасау керектігін атап өтті. Қосымша құрал-жабдықтарды орнату үшін де біршама қаражат қажет болады екен.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, ескі теміржол ауруханасының аумағында жаңа перзентхана салынады.

Еске сала кетейік, қонақ үй ғимараты 1998 жылы салынған.

-->

Ғимаратты бұзып, қайта салуға 60-65 миллиард теңге қажет. Біріншіден, бұған уақыт пен қаржы кетеді. Сондықтан біз теміржол ауруханасын бұрынғы Ramada Plaza қонақүйінің ғимаратына көшіру туралы ұсынысты қарастырып жатырмыз, –  деді елорда әкімі.