Астанада жаңа мешіт ашылды
Бүгін елордадағы Көктал тұрғын үй алабында жаңа мешіт ашылды, деп хабарлады Elorda.info.
Мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты. Айта кетейік, бұл – Астанада ашылған он төртінші мешіт.
ҚМДБ деректері бойынша қазіргі кезде елімізде 2716 мешіт халықтың игілігі үшін жұмыс істеуде. Жаңа мешіттердің ашылуы – мұсылман жұрты үшін үлкен мереке.
40 мыңнан астам тұрғыны бар Көктал тұрғын үй алабында бұған дейін құлшылық ету орны мүлдем болмаған.
Мешіттің жобасын Қазақстан сәулетшілер одағының басшысы Талғат Ерғалиев және Қазақстанның құрметті сәулетшісі Төлеген Чиреев әзірлеген.
Заманауи стильде салынған ғимараттың басты ерекшелігі – басқа мешіттерде қолданбаған ислам стилінде безендірілген ою-өрнектерінде. Олардың кейбіреулері шедевр болып саналады.
Мешіт ғимаратының дизайнын жасаған Самат Ордабековтің айтуынша, мұндағы қабырғаларда қолданылған ою-өрнектер – Әлхамра туындылары.
Екі қабатты мешіттің сыйымдылығы – 500 адам. Биіктігі – 14 метр.
Бүгін жаңа мешітте алғашқы жұма намазы оқылды.
Аяулым Серік
-->Бүгін елордадағы Көктал тұрғын үй алабында жаңа мешіт ашылды, деп хабарлады Elorda.info.
Мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты. Айта кетейік, бұл – Астанада ашылған он төртінші мешіт.
Бүгін – көптен күткен қуанышты күн. Осы мешіттің ашылуын бірнеше жыл күттік. Сәулеті мен сәні жарасқан мешіттің ашылуы құтты болсын. Мешіт – барша жақсылықтың, мейірімділіктің, берекенің тоғысқан жері. Мешіттің орны қашан да бөлек. Бұл мешіт құлшылықтың ғана ордасы болып қалмай, рухани һәм мәдени-ағарту, қоғамдық келісім мен бірліктің, берекенің ошағына айналады деген сенімдеміз, - деді өзінің құттықтау сөзінде бас мүфти.
ҚМДБ деректері бойынша қазіргі кезде елімізде 2716 мешіт халықтың игілігі үшін жұмыс істеуде. Жаңа мешіттердің ашылуы – мұсылман жұрты үшін үлкен мереке.
40 мыңнан астам тұрғыны бар Көктал тұрғын үй алабында бұған дейін құлшылық ету орны мүлдем болмаған.
Мешіттің жобасын Қазақстан сәулетшілер одағының басшысы Талғат Ерғалиев және Қазақстанның құрметті сәулетшісі Төлеген Чиреев әзірлеген.
Заманауи стильде салынған ғимараттың басты ерекшелігі – басқа мешіттерде қолданбаған ислам стилінде безендірілген ою-өрнектерінде. Олардың кейбіреулері шедевр болып саналады.
Мешіт ғимаратының дизайнын жасаған Самат Ордабековтің айтуынша, мұндағы қабырғаларда қолданылған ою-өрнектер – Әлхамра туындылары.
Әлхамра – оңтүстік Испанияның Гранада қаласында орналасқан сәулеттік мұражай. 14 ғасырда салынған мұсылман сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Әлхамра стилистикасы осы мешіттің қабырғаларын безендіру идеясына негіз болған. Әлхамра мұражайында қолданған ислам ою-өрнектері мен қазақтың көп салалы оюларын біріктіру осы мешіттінің көркін одан әрі аша түсті. Парсы, Осман, Мавр, Орта Азия және қазақ стильдерін біріктіретін әсем ғимараттың сұлулығы көздің жауын алады, - деді Самат Ордабеков.
Екі қабатты мешіттің сыйымдылығы – 500 адам. Биіктігі – 14 метр.
Елордамызда 16 елді мекен бар. Астана аумағындағы елді мекендер мен ауылдарды дамытуда әлеуметтік нысандардың ашылуы – маңызды бағыттардың бірі. Бүгін ҚМДБ-ға қарасты еордамыздағы 14-мешіт ашылып отыр. Бұл – ел азаматтарының, мердігерлердің, демеушілердің, жанашыр халықтың қаржысымен салынған мешіт. Көктал 1 және Көктал 2 ықшам ауданының тұрғындары үшін қызмет ететін болады. Қала әкімінің халықпен кездесуінде тұрғындар осы мәселені жиі көтерген болатын. Енді, міне, бүгін мешіт ашылып, халықтың тілегі орындалды. Көмектесіп, атсалысқан адамдарға алғысымыз шексіз, - деді қала әкімінің орынбасары Есет Байкен.
Бүгін жаңа мешітте алғашқы жұма намазы оқылды.
Аяулым Серік