Елорда жаңалықтары

Елордада 750-ден астам қоғамдық орын мен аула абаттандырылды

Соңғы жылдары Астанада 750-ден астам аулалар мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылды. Мысалы, осы жылы Бейбітшілік және келісім сарайы ауданында амфитеатр, қаланың оң жағалауындағы тағы бір жаяу жүргіншілер жолы, «Встреча» сауда үйі жанындағы қоғамдық кеңістік, «Бейбітшілік және келісім» саябағы, қала алаңы және т.б. салынды. Қаладағы өзгерістер туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

Сондай-ақ, Астана әкімі абаттандыру кезінде тұрғын үй алаптарына ерекше назар аударылатынын атап өтті. Тек тұрғын алаптарында 300-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды, Көктал қаласында 16 гектарға саябақ салынды.

Қоғамдық кеңістіктер мен аула аумақтарында әркім өз қалауы бойынша айналысатын іс табады: баскетбол/футбол алаңдары, workout-аймақтар, тыныш демалуға арналған аймақтар, әткеншектер, шығармашылық өнер көрсетуге арналған сахналар, скейт-аймақтар және т. б.

-->

Елорда тұрғындары мен қонақтары бос уақыттарын қолайлы және денсаулыққа пайдалы етіп өткізе алатын ашық аспан астындағы орындарды құру өте маңызды. "Астана – жайлы қала" мастер-жоспары аясында біз жыл сайын 250-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістікті (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырдық. Осылайша, соңғы жылдары 750-ден астам аулалар мен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылды. Бірнеше мысал келтірейін: Бейбітшілік және келісім сарайының жанына амфитеатр салдық – онда шығармашылық жастардың, әртістердің және т.б. қойылымдары өтеді; Бараев көшесінде тағы бір жаяу жүргіншілер променады абаттандырылды, көше спорты колизейі ашылды, көпір маңындағы кеңістіктер абаттандырылды. Оң жағалауда біз бірінші жаяу жүргіншілер променадын, орталық саябақты, субұрқақтары бар қалалық алаңды, «Театральный» бульварын («Жастар» сарайынан жас көрерменнің музыкалық театрына дейін), жағалауды және т.б. өзара біріктірдік, - деп атап өтті Алтай Көлгінов.