Елорда жаңалықтары

МӘМС: Астаналықтар қыркүйек айында 5,8 млрд теңгеден аса жарна аударған

Қыркүйек айында МӘМС үшін елордалықтар 5,8 млрд теңгеден аса жарна аударған, деп хабарлады Elorda.info «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде 3,3 млрд теңге – жұмыс берушілердің, 2,5 млрд теңгеден астамы – жеке кәсіпкерлердің аударымдары.

Жыл басынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін елордалықтардан 48,4 млрд теңгеден аса жарна түсті.

Ал 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 48,4 млрд теңгеден аса жарна аударған. Оның 26,9 млрд теңгеден астамы – жұмыс берушілердің аударымдары, ал 21,5 млрд теңгеге жуығы – жеке кәсіпкерлерден түскен жарна.

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 15 849 бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілерден түскен МӘМС жарналары 97,6 млн теңгеден аса соманы құрайды.  Ал осы жылдың қыркүйек айында 8521 БЖТ төлеушілерден 11,5 млн.теңге жарна түскен.  

-->

2017 жылдың 1 шілдесі мен 2022 жылдың 30 қыркүйегі аралығында Астана қаласы бойынша медициналық сақтандыру үшін 149,1 млрд теңгеге жуық жарна жинақталған, - деп жазылған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ал 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 48,4 млрд теңгеден аса жарна аударған. Оның 26,9 млрд теңгеден астамы – жұмыс берушілердің аударымдары, ал 21,5 млрд теңгеге жуығы – жеке кәсіпкерлерден түскен жарна.

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 15 849 бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілерден түскен МӘМС жарналары 97,6 млн теңгеден аса соманы құрайды.  Ал осы жылдың қыркүйек айында 8521 БЖТ төлеушілерден 11,5 млн.теңге жарна түскен.  

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасап, тексергеннен кейін ғана Қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі, - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.