Жыл соңына дейін 928 елді мекенге 3G және 4G интернеті орнатылады
Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов онлайн брифинг барысында жоғары жылдамдықты интернет орнатылатын елді мекендер туралы мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Оның айтуынша, елімізде 34 млн жуық мобильді құрылғы, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының 14 млн-нан астам пайдаланушысы тіркелген. «Осыған байланысты министрлік облыс әкімдіктерімен ауылдарда мобильді интернетті дамыту бойынша жоспар-кестеге қол қойды. Жыл соңына дейін 928 елді мекен 3G және 4G жоғары жылдамдықты интернет технологияларымен қамтылады», — деді Дарын Тұяқов. Ол сондай-ақ, Қазақстан 100 мБит/сек қосылу жылдамдығы бар интернет қызметінің төмен тарифтері бойынша әлемдегі бес елдің қатарына кіретінін атап өтті.
-->Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов онлайн брифинг барысында жоғары жылдамдықты интернет орнатылатын елді мекендер туралы мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Оның айтуынша, елімізде 34 млн жуық мобильді құрылғы, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының 14 млн-нан астам пайдаланушысы тіркелген. «Осыған байланысты министрлік облыс әкімдіктерімен ауылдарда мобильді интернетті дамыту бойынша жоспар-кестеге қол қойды. Жыл соңына дейін 928 елді мекен 3G және 4G жоғары жылдамдықты интернет технологияларымен қамтылады», — деді Дарын Тұяқов. Ол сондай-ақ, Қазақстан 100 мБит/сек қосылу жылдамдығы бар интернет қызметінің төмен тарифтері бойынша әлемдегі бес елдің қатарына кіретінін атап өтті.