Телекоммуникация қызметтерін ұсынудың жеңілдетілген режиміне көштік – Қ.Есекеев
«Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев ОКҚ-да өтіп жатқан онлайн брифингте компанияның атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Біз телекоммуникация қызметтерін ұсынудың жеңілдетілген режиміне көштік. Телефон, интернет және ақылы теледидар қызметінің ақысын уақтылы төлемеген абоненттер үшін байланысты өшірмеу туралы шешім қабылдадық. Бұл қадам карантиннің сақталуына ықпал ететінін түсінеміз. Бізде әлі де клиенттермен тікелей жұмыс істейтін бірқатар қызметкерлер әдеттегі жұмысын жалғастыруда. Бәрінен бұрын, желіні орнатумен және оған қызмет көрсетумен айналысатын техникалық қызметкерлердің жүктемесі артты. Айтпақшы, олар өздерін қауіпсіздік жағынан жабдықтап қана қоймай, тұтынушыларға бетперде кию керек екенін ескертеді. Онсыз біздің қызметкерлер пәтерге кірмейді», – деді Қ.Есеев. Сонымен қатар ол карантин басталғаннан бері байланыс қызметтерін қостыру туралы өтінімдер саны үш есе өскенін атап өтті. Сондықтан клиенттерден егер кеңес берушінің жауап беру уақыты аздап өскен болса, түсіністікпен қарауды сұрады. «Байланыс орталықтарының жұмыс режимі өзгеріссіз қалады, WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде, сондай-ақ telecom.kz порталында күн сайын сағат 08.00-ден 23.00-ге дейін онлайн-кеңестер беріледі. Барлық байланыс арналары клиенттердің сұраныстарын жылдам әрі режимді бұзбай шешуге көмектеседі. Пайдаланушының telecom.kz-тегі жеке шотының мүмкіндіктері кеңейтілді. Енді сіз қызметтерді қосуға, тарифтік жоспарды өзгертуге, қызметтерді осы арна арқылы өшіруге өтініш бере аласыз. Барлық клиенттер үшін интернет ресурстарына, оның ішінде білім беру ресурстарына шексіз қолжетімділік берілді. Карантин кезеңінде барлық теледидар абоненттері қосымша ақысыз телеарналардың премиум пакетіне қол жеткізе алады. Осылайша, қазіргі уақытта барлық абоненттерде 167 телеарнаны көруге мүмкіндік бар», – деді ол. Оның айтуынша, «Қазақтелеком» АҚ-та қазіргі уақытта 25 мың маман еңбек етеді. Оның 8 мыңы қашықтан қызмет көрсетеді. «Сонымен қатар Мәдениет және спорт министрлігімен, «Карантиндегі жұлдыз» бірлескен жобасы туралы тоқталғым келеді. Жоба танымал эстрада жұлдыздарының өнерін онлайн форматта көрерменге ұсынуды көздейді. Осылайша күрделі кезеңде отандастарға қолдау көрсетіп, рухын көтеруге сеп болады. Жалпы, жоба басталғаннан бері 20-дан астам онлайн-концерт өткізіліп, олар 700 000-нан астам көрермен жинады. Бұған қоса, бұқаралық спорттық шараларының онлайн режимге ауысуына байланысты «Qazaq Cybersport Federation» «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, 31 мамырға дейін 2,5 айға созылатын Alaman #StayHome кең ауқымды онлайн-жарыстарын ұйымдастырды», – деді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы.
-->«Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев ОКҚ-да өтіп жатқан онлайн брифингте компанияның атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Біз телекоммуникация қызметтерін ұсынудың жеңілдетілген режиміне көштік. Телефон, интернет және ақылы теледидар қызметінің ақысын уақтылы төлемеген абоненттер үшін байланысты өшірмеу туралы шешім қабылдадық. Бұл қадам карантиннің сақталуына ықпал ететінін түсінеміз. Бізде әлі де клиенттермен тікелей жұмыс істейтін бірқатар қызметкерлер әдеттегі жұмысын жалғастыруда. Бәрінен бұрын, желіні орнатумен және оған қызмет көрсетумен айналысатын техникалық қызметкерлердің жүктемесі артты. Айтпақшы, олар өздерін қауіпсіздік жағынан жабдықтап қана қоймай, тұтынушыларға бетперде кию керек екенін ескертеді. Онсыз біздің қызметкерлер пәтерге кірмейді», – деді Қ.Есеев. Сонымен қатар ол карантин басталғаннан бері байланыс қызметтерін қостыру туралы өтінімдер саны үш есе өскенін атап өтті. Сондықтан клиенттерден егер кеңес берушінің жауап беру уақыты аздап өскен болса, түсіністікпен қарауды сұрады. «Байланыс орталықтарының жұмыс режимі өзгеріссіз қалады, WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде, сондай-ақ telecom.kz порталында күн сайын сағат 08.00-ден 23.00-ге дейін онлайн-кеңестер беріледі. Барлық байланыс арналары клиенттердің сұраныстарын жылдам әрі режимді бұзбай шешуге көмектеседі. Пайдаланушының telecom.kz-тегі жеке шотының мүмкіндіктері кеңейтілді. Енді сіз қызметтерді қосуға, тарифтік жоспарды өзгертуге, қызметтерді осы арна арқылы өшіруге өтініш бере аласыз. Барлық клиенттер үшін интернет ресурстарына, оның ішінде білім беру ресурстарына шексіз қолжетімділік берілді. Карантин кезеңінде барлық теледидар абоненттері қосымша ақысыз телеарналардың премиум пакетіне қол жеткізе алады. Осылайша, қазіргі уақытта барлық абоненттерде 167 телеарнаны көруге мүмкіндік бар», – деді ол. Оның айтуынша, «Қазақтелеком» АҚ-та қазіргі уақытта 25 мың маман еңбек етеді. Оның 8 мыңы қашықтан қызмет көрсетеді. «Сонымен қатар Мәдениет және спорт министрлігімен, «Карантиндегі жұлдыз» бірлескен жобасы туралы тоқталғым келеді. Жоба танымал эстрада жұлдыздарының өнерін онлайн форматта көрерменге ұсынуды көздейді. Осылайша күрделі кезеңде отандастарға қолдау көрсетіп, рухын көтеруге сеп болады. Жалпы, жоба басталғаннан бері 20-дан астам онлайн-концерт өткізіліп, олар 700 000-нан астам көрермен жинады. Бұған қоса, бұқаралық спорттық шараларының онлайн режимге ауысуына байланысты «Qazaq Cybersport Federation» «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, 31 мамырға дейін 2,5 айға созылатын Alaman #StayHome кең ауқымды онлайн-жарыстарын ұйымдастырды», – деді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы.