Интернетке жеңілдік бар ма – «Қазақтелеком» жауап берді
«Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев «Отандық операторлар осал топтар үшін интернетке жеңілдік бере ме?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Біз жеңілдік бердік. Қазақстан контенті ішіндегі түгел қызметтерді абоненттік төлемге кіргізбей, жеңілдік беріп отырмыз. Енді екінші мәселе, біз youtube және басқа бірқатар қызметті шеттен аламыз. Сол шеттен алғандар үшін біз бәрібір ақша төлейміз. Сондықтан бұл сервистерге абоненттік төлем аламыз. Ал біздің ішкі сервистерге ақша алмаймыз. Яғни, жеңілдіктер бар, бірақ толық тегін жасау мүмкін емес», - деді Қуанышбек Есекеев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
-->«Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев «Отандық операторлар осал топтар үшін интернетке жеңілдік бере ме?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Біз жеңілдік бердік. Қазақстан контенті ішіндегі түгел қызметтерді абоненттік төлемге кіргізбей, жеңілдік беріп отырмыз. Енді екінші мәселе, біз youtube және басқа бірқатар қызметті шеттен аламыз. Сол шеттен алғандар үшін біз бәрібір ақша төлейміз. Сондықтан бұл сервистерге абоненттік төлем аламыз. Ал біздің ішкі сервистерге ақша алмаймыз. Яғни, жеңілдіктер бар, бірақ толық тегін жасау мүмкін емес», - деді Қуанышбек Есекеев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.