Жыл соңына дейін 643 ауылға интернет қосылады – вице-министр
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов төтенше жағдай режимі кезіндегі интернет жұмысы туралы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Төтенше жағдай кезінде интернет жүйесі ең қажетті құрал болып отыр. Сондықтан халық арасында әлеуметтік желілерде интернет сапасына деген көптеген мәселе туындауда. Біздің министрлік салалық мемлекеттік орган ретінде негізгі міндеті – әрбір қазақстандықты жоғары жылдамдықты интернетке қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ету, телекоммуникация қызметі нарығын арттырып, қызметтердің өзге де түрлерін ұлғайту, тұтынушылардың сұранысын жауып, ел экономикасын көтеру», - дейді вице-министр. Ведомство өкілі сөз арасында бұл міндеттерді орындау мақсатында байланыс операторларымен бірлесе отырып, бірқатар жобалар іске асырылып жатқанын мәлім етті. «Қолданыстағы заңға сәйкес, байланыс операторлары өз қаражаттары есебінен байланыс жүйелерін салу және дамытуды іске асырады. Бұл жұмыс 2018 жылы басталған болатын. Екі жыл ішінде көп жұмыс атқарылды. Жалпы 1 200 ауылды интернет желісіне қосу жұмыстары қазіргі кезде жүзеге асып жатыр. Бүгінгі таңда 50 пайызы, яғни 607 ауыл қосылды. Бұл жұмыс ары қарай да жалғаса береді. Қалған 643 ауыл осы жылдың соңына дейін интернет желісіне қосылатын болады», - дейді Дарын Тұяқов. Ол өз сөзінде қазіргідей қысылтаяң уақытта тынбай жұмыс істеп жатқан байланыс саласының мамандарына алғысын білдірді.
-->Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов төтенше жағдай режимі кезіндегі интернет жұмысы туралы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Төтенше жағдай кезінде интернет жүйесі ең қажетті құрал болып отыр. Сондықтан халық арасында әлеуметтік желілерде интернет сапасына деген көптеген мәселе туындауда. Біздің министрлік салалық мемлекеттік орган ретінде негізгі міндеті – әрбір қазақстандықты жоғары жылдамдықты интернетке қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ету, телекоммуникация қызметі нарығын арттырып, қызметтердің өзге де түрлерін ұлғайту, тұтынушылардың сұранысын жауып, ел экономикасын көтеру», - дейді вице-министр. Ведомство өкілі сөз арасында бұл міндеттерді орындау мақсатында байланыс операторларымен бірлесе отырып, бірқатар жобалар іске асырылып жатқанын мәлім етті. «Қолданыстағы заңға сәйкес, байланыс операторлары өз қаражаттары есебінен байланыс жүйелерін салу және дамытуды іске асырады. Бұл жұмыс 2018 жылы басталған болатын. Екі жыл ішінде көп жұмыс атқарылды. Жалпы 1 200 ауылды интернет желісіне қосу жұмыстары қазіргі кезде жүзеге асып жатыр. Бүгінгі таңда 50 пайызы, яғни 607 ауыл қосылды. Бұл жұмыс ары қарай да жалғаса береді. Қалған 643 ауыл осы жылдың соңына дейін интернет желісіне қосылатын болады», - дейді Дарын Тұяқов. Ол өз сөзінде қазіргідей қысылтаяң уақытта тынбай жұмыс істеп жатқан байланыс саласының мамандарына алғысын білдірді.