Астанада ұстаздар күніне орай мерекелік концерт өтті
Елордада ұстаздар күніне орай «Ұлт шамшырағы – ұстаздар» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен мерекелік концертке оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, қала әкімі Алтай Көлгінов және республика бойынша білім беру ұйымдарының қызметкерлері, елордалық ұстаздар, педагог-ардагерлер, қоғам қайраткерлері және т.б. қатысты.
Сондай-ақ министр білім беру саласында 25 жылдан астам жұмыс істеген ұстаздарға қосымша марапаттар берілетінін айтты.
Мерекелік іс-шара барысында «Астана қаласының құрметті педагогі», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгілерімен бір топ ұстаз марапатталды. Сондай-ақ ұстаздарға алғыс хаттар мен 1 млн теңге табыс етілді.
Солардың ішінде елордадағы №82 “Дарын" мамандандырылған лицейінің физика пәнінің мұғалімі Гүлшара Дүйсенова «Астана қаласының құрметті педагогі» атанды.
Мерекелік концерт барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова және т.б. өнерлерін паш етті. Жиналған қауым өнер иелеріне қошеметпен ризашылығын білдірді.
-->

Қымбатты әріптестер. Барлықтарыңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Келесі жылы қаңтар айынан бастап педагогтердің жалақысы тағы да 25 пайызға көтеріледі. Мемлекет басшысы өз Жолдауында әсіресе бала-бақшаларда жұмыс істейтін әріптестеріміздің мәртебесін, жалақысын көтеру және жүктемесін азайту бойынша тапсырма берді. Келесі жылы 100 мыңға жуық бала-бақша қызметкерінің жалақысы өсетін болады. Сондай-ақ жүктемесін азайтамыз, - деді оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.
Сондай-ақ министр білім беру саласында 25 жылдан астам жұмыс істеген ұстаздарға қосымша марапаттар берілетінін айтты.
Құрметті ұстаздар қауымы, ардақты білім саласының ардагерлері. Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Президент өз Жолдауында жаңа мектеп салу жөнінде арнайы бағдарлама қабылдады. Сол жұмысты біз министрлікпен бастап кеттік. Ірі мектептерді саламыз. Себебі Астана қаласы жылдам дамып келеді. Халықтың саны жыл сайын өсіп жатыр. Мамыр айында 8 мың бала мектеп бітірсе, ал қыркүйекте 25 мың бала мектепке қабылданады. Оларды оқытатын – сіздер. Қадірменді ұстаздар. Мерекелеріңіз құтты болсын. Алдағы уақытта да біздің білімді ұрпақ тәрбиелеуде аянбай еңбек ете беріңіздер, - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Мерекелік іс-шара барысында «Астана қаласының құрметті педагогі», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгілерімен бір топ ұстаз марапатталды. Сондай-ақ ұстаздарға алғыс хаттар мен 1 млн теңге табыс етілді.
Солардың ішінде елордадағы №82 “Дарын" мамандандырылған лицейінің физика пәнінің мұғалімі Гүлшара Дүйсенова «Астана қаласының құрметті педагогі» атанды.
Өте қуаныштымын. Кәсіби мерекемізде күтпеген сый болды. Барша әріптестерімді, ұстаздарды төл мерекесімен құттықтаймын. Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөлене беріңіздер. Жұмыстарыңызға шығармашылық ізденіс тілеймін, - деді Гүлшара Дүйсенова.
Мерекелік концерт барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова және т.б. өнерлерін паш етті. Жиналған қауым өнер иелеріне қошеметпен ризашылығын білдірді.
Адам баласына әрдайым жақсылық жасай беру керек. Ал ұстаздар сондай жандар. Неғұрлым көп жақсылық жасайсың. Педагогтар - сол жақсылықтың барлығы қайтатындығына сенетін жандар. Білім саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Біз жақсылық жасауға дайынбыз. Оның кері қайтатынына сенеміз, - деді Астана қаласындағы №82 «Айару» бала-бақшасының меңгерушісі Камшат Малгаждарова.