Елорда жаңалықтары

Астанада «Алжир – ұрпақтар есінде» жылжымалы көрмесі өтеді

Астанада 10 қазанда Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР – ұрпақтар есінде» атты көшпелі көрмесінің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Көрменің мақсаты – ХХ ғасырдың 30-50-інші жылдардағы оқиғаларды есте сақтауға, ауыр трагедияның қайталануын болдырмау үшін жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен адамгершілік қасиетін қалыптастыруға ықпал ету.

Іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдыков пен қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары (Тұрар Рысқұловтың, Жанайдар мен Елизавета Сәдуақасовтардың, Мария Есқараеваның, Тәтімова Шақтайдың немерелері) қатысады.

2022 жылдың 10 қазан мен 28 қазан аралығында көрме қонақтары «отанын сатқан» деп әділетсіз танылған мемлекет және қоғам қайраткерлерінің әйелдерінің, аналары мен қарындастарының суреттерін, архивтік құжаттары мен жеке заттарын көре алады.

Ұйымдастырушы: Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ мен «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені.

-->