Елордада әлемдік діндер көшбасшылары жаңа саябақтың капсуласын салды
Жаңа саябақ Бейбітшілік және келісім саябағы деп аталады және Есіл өзенінің бойында бой көтереді. Ағаш отырғызуға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, елорда әкімі Алтай Көлгінов, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің делегаттары, еріктілер, қала тұрғындары және т.б. қатысты, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда әкімдігінің урбанистика орталығы хабарлағандай, жобаның басты идеясы – «Өмір ағашы» монументі. Бұл құрылым күмбез түрінде жасалады, оның ортасында емен ағашы орналасқан. Маңайы ағаш шиыршықпен өріліп, фонтанмен бірге үйлесім тауып, құлпырып тұр.
Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі делегацияларының санына сәйкес «Өмір ағашы» монументінің айналасына 60-тан астам ағаш отырғызылды.
Күмбез қабырғаларында жер бетінің жаратылуынан, Қазақстан тарихындағы оқиғалардан сыр шертетін бейнелер, сол сияқты еліміздің аумағында табылған әйгілі ежелгі жартас суреттері – петроглифтер салынады. Ағаштың айналасындағы шиыршық (спираль) аспан (күмбезді) мен жерді (су бетін) байланыстырады, осылайша әлемнің нәзік екені туралы идеяны жеткізеді.
Парктің құрылысын аяқтау және оны пайдалануға беру 2023 жылға жоспарланып отыр.
-->

Концептуалды табиғи-рекреациялық аймақ құру әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне орайластырылған. Парк тұжырымдамасы Қазақстандағы түрлі конфессиялар мен ұлттар арасындағы ынтымақтастықты, достық пен бірлікті білдіреді. Идеяға сәйкес, ғасырлар бойы тамыр жайған су мен өмір ағашы жер бетіндегі тіршіліктің жалпыадамзаттың құндылығын бейнелейді. Осылайша, инсталляция барлық конфессиялардың келісімге, бейбітшілік пен достыққа шақыруын білдіреді. Күмбез өз кезегінде бір аспан астындағы әлемді бейнелейді. Онда әлемнің 4 жағын – Оңтүстікті, Солтүстікті, Батысты, Шығысты бейнелейтін 4 кіру аймағы болады, - деді елорда әкімдігі урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.
Күмбез қабырғаларында жер бетінің жаратылуынан, Қазақстан тарихындағы оқиғалардан сыр шертетін бейнелер, сол сияқты еліміздің аумағында табылған әйгілі ежелгі жартас суреттері – петроглифтер салынады. Ағаштың айналасындағы шиыршық (спираль) аспан (күмбезді) мен жерді (су бетін) байланыстырады, осылайша әлемнің нәзік екені туралы идеяны жеткізеді.
Бүгін керемет іс-шара болды. Біз тек ағаш отырғызып қана қоймай, бірнеше ұрпақ бас серуендейтн жаңа саябақтың капсуласын салдық. Қазақстанда түрлі дін өкілдері бірлік пен бейбітшілікте өмір сүреді. Ұйымдастырушыларға жылы шыраймен қарсы алғаны үшін алғыс айтамын, - деді БАӘ Ислам және Уақыфтар істері жөніндегі Бас басқармасының төрағасы Мұхаммед Матар Салим әл-Кааби.