Елорда жаңалықтары

Астанада «Инклюзия ханымы – 2022» әлеуметтік жобасы өтті

Еркеғали  Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Инклюзия ханымы – 2022» әлеуметтік жобасы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Оның мақсаты – 18-35 жас аралығындағы ерекше нәзік жандардың қоғамдық ортада мәртебесін нығайту.

Жоба ұраны – «Біз әр түрліміз, бірақ бәрімен теңбіз».

Іс-шара барысында сахнаға іріктелінген 8 қатысушы шығып, жұртшылыққа өз таланттарын ортаға салды, өздерінің өмір жолын айтып берді.

Ал жобаның ұйымдастырушылары – «МЕЙІРІМДІЛІК КЕРУЕНІ-2020» 3-ші республикалық байқауының «МЕЙІРІМ ЖОЛЫНДА» номинациясы бойынша лауреаты Валентина Толмачева және «Қолжетімді Қазақстан» жобасының еріктісі Гүлнар Ахмолдина.

-->