Сәбізді экспорттауға ешқандай тыйым салынған жоқ – министрлік
Қазақстанда сәбізді экспорттауға ешқандай тыйым салынбаған. Бұр туралы Елорда Инфо ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. Аталмыш өнімді шетелге шығару үшін фитосанитариялық сертификаттарды беру штаттық режимде жүргізілуде. «Сәбіз экспорттағысы келетін кәсіпкерлер фитосанитариялық сертификат алу үшін Комитеттің облыстық аумақтық бөлімшелеріне жүгінуі қажет. Фитосанитариялық сертификаттар беру Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен регламентіне сәйкес жүргізіледі», деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Барлық қажетті тексеру процедураларының атқарылуына және сәбіздің фитосанитарлық жағдайына қарай кәсіпкерлер сертификаттар ала алады.
-->Қазақстанда сәбізді экспорттауға ешқандай тыйым салынбаған. Бұр туралы Елорда Инфо ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. Аталмыш өнімді шетелге шығару үшін фитосанитариялық сертификаттарды беру штаттық режимде жүргізілуде. «Сәбіз экспорттағысы келетін кәсіпкерлер фитосанитариялық сертификат алу үшін Комитеттің облыстық аумақтық бөлімшелеріне жүгінуі қажет. Фитосанитариялық сертификаттар беру Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен регламентіне сәйкес жүргізіледі», деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Барлық қажетті тексеру процедураларының атқарылуына және сәбіздің фитосанитарлық жағдайына қарай кәсіпкерлер сертификаттар ала алады.