Елорда жаңалықтары

Діни іс-шараларға қойылған шектеулер мәжбүрлі түрде қолға алынып отыр – Е.Нүкежанов

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов төтенше жағдай режиміне байланысты діни іс-шараларды өткізуге шектеу қойылғанын айта отырып, жағдай оңалған соң бәрі өз қалпына келетінін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Комитет басшысы сөз басында мұсылман жұртын алда келе жатқан қасиетті Рамазан айымен, ал христиан дінін ұстанатындарды Пасха мерекесімен құттықтады. «3 сәуірде министр Дәурен Абаев дін саласындағы азаматтарға арнайы ұстанымдарды мәлім еткен болатын. Осы ұстанымдар бойынша діни рәсімдерді атап өту кезінде тұрғындардың көптеп жиналмауы, сол сияқты халыққа мәліметтерді жеткізу үшін онлайн форматын енгізуді ұсынған болатын. Бір қуанарлығы, еліміздегі бүкіл діни ұйымдар тарапынан бұл ұсыныстар қолдау тауып жатыр. Қазір діни ұйымдар көпшілік шараларды өткізуден бас тартты. Әрине, діни іс-шаралар өткізіледі. Бірақ шағын форматта өткізіліп жатыр. Бұл шектеулер мәжбүрлі әрі уақытша қолға алынып отыр. Төтенше жағдай режимі аяқталған соң бәрі өз қалпына келеді», - дейді Ержан Нүкежанов. Ол қазіргі жағдайға түсіністік танытып, жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқан дін басшыларына алғысын білдірді. «Біз әрбір қазақстандықтың ар-ожданына, діни сеніміне үлкен құрметпен қараймыз. Бұл біздің жалпы ұстанымымыз. Бірақ қазіргі жағдайда халық денсаулығы, қауіпсіздігі бірінші орында. Сол себепті осындай шектеулерге баруға мәжбүр болып отырмыз. Еліміздегі дін басшылары осы шараларды қолдап, жұртшылыққа түсіндіріп жатқанына алғыс білдіремін. Бәріміз төтенше жағдай режимінің сақтық шараларын сақтайық», - дейді Дін істері комитетінің төрағасы.

-->