Дін қызметкерлері карантин кезінде 18 мыңға жуық отбасыға көмек көрсетті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлерінің карантин кезінде халыққа көмек көрсеткенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Халқымызда «қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Мен жұртымызға жолдаған үндеуімде карантин кезінде үмітсіздікке бой алдырмай, сауапты амалдар мен қайырымдылық шараларға үлес қосуға шақырдым. Осы үндеуден кейін дін қызметкерлері карантин кезінде 17 643 отбасыға көмек көрсетті. Сонымен қатар, жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында халыққа карантин кезінде 47 821 дана маска тараттық. Бетперде мешіттеріміздегі тігін шеберханаларда тігілді. Қалған бөлігі демеушілердің көмегімен жеткізілді», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы қайырымдылық көрсеткен дін қызметкерлері мен демеушілерге алғысын білдірді.
-->Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлерінің карантин кезінде халыққа көмек көрсеткенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Халқымызда «қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Мен жұртымызға жолдаған үндеуімде карантин кезінде үмітсіздікке бой алдырмай, сауапты амалдар мен қайырымдылық шараларға үлес қосуға шақырдым. Осы үндеуден кейін дін қызметкерлері карантин кезінде 17 643 отбасыға көмек көрсетті. Сонымен қатар, жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында халыққа карантин кезінде 47 821 дана маска тараттық. Бетперде мешіттеріміздегі тігін шеберханаларда тігілді. Қалған бөлігі демеушілердің көмегімен жеткізілді», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы қайырымдылық көрсеткен дін қызметкерлері мен демеушілерге алғысын білдірді.