Елорда жаңалықтары

Басқа елді мекендегі балалар елордаға орала ала ма – полиция жауабы

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Саденов «Басқа елді мекенге кеткен балалардың қалаға, ата-анасына оралу мүмкіндігі бар ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Тиісті құжаттар болған жағдайда рұқсат етіледі. Яғни, ата-ананың тұрғылықты мекенжайға тіркелгені туралы анықтамасы мен тиісті туу туралы куәлігі болуы керек. Блок бекеттерде олардың температурасы тексеріледі және бұдан кейін олар 14 күн бойы үй карантинінде болуы қажет», - деді Ержан Сәденов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

-->