Карантин тәртібін бұзғаны үшін 332 адам жауапқа тартылды – Е.Сәденов
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов төтенше жағдай кезінде карантин тәртібін сақтамағаны себепті көліктері айыппұл тұрағына қойылатын жүргізушілерге қанша көлемде шығындалатынын, сондай-ақ, қанша адам еш себепсіз серуендеп жүргені үшін жауапқа тартылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бізде айыппұл тұрақтары тегін. Яғни, карантин тәртібін сақтамаған заңбұзушыға хаттама толтырып, сот шешім шығарады. Ал көлік айыппұл тұрағына жіберіледі», - дейді департамент басшысы. Ол сөз арасында карантин кезінде қанша адамға қандай көлемде айыппұл салғанын мәлім етті. «332 адам еш себепсіз көшеде серуендеп жүргені үшін жауапқа тартылды. Оларға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, оларға ескерту берілді», - дейді Е.Сәденов.
-->Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов төтенше жағдай кезінде карантин тәртібін сақтамағаны себепті көліктері айыппұл тұрағына қойылатын жүргізушілерге қанша көлемде шығындалатынын, сондай-ақ, қанша адам еш себепсіз серуендеп жүргені үшін жауапқа тартылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бізде айыппұл тұрақтары тегін. Яғни, карантин тәртібін сақтамаған заңбұзушыға хаттама толтырып, сот шешім шығарады. Ал көлік айыппұл тұрағына жіберіледі», - дейді департамент басшысы. Ол сөз арасында карантин кезінде қанша адамға қандай көлемде айыппұл салғанын мәлім етті. «332 адам еш себепсіз көшеде серуендеп жүргені үшін жауапқа тартылды. Оларға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, оларға ескерту берілді», - дейді Е.Сәденов.