Елорда жаңалықтары

240 мыңнан астам елордалық МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

Бүгінгі таңда елордада 240 мыңнан астам тұрғын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалының директоры Гүлжан Шайхыбекова жұмыс берушілермен кездесу барысында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Олардың арасында өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар, жұмыспен қамту орталығында тіркелмеген жұмыссыздар және жеңілдік мәртебесін алмаған азаматтар бар. Сондай-ақ ұзақ демалыстардан кейін сақтандыру мәртебесін жоғалтқан жалдамалы жұмысшылар да осы топқа кіреді.

Осыған байланысты жұмыс берушілерге айына бір рет өз қызметкерлерінің сақтандырылуын және жеңілдік берілетін санатына жата ма екенін тексеріп отыру ұсынылды.

-->

«Жалдамалы жұмысшылардың сақтандырылғандар қатарынан шығып қалуының негізгі себебі – жұмыс берушілердің төлемдерінің тұрақсыздығы. Бүгінгі таңда бұл мұғалімдер, дәрігерлер және зиянды өндірістерде жұмыс істейтін жұмысшылар үшін өзекті мәселе болып отыр, себебі олар бір айдан астам уақытқа демалысқа шығады. Көптеген бухгалтерлер демалыс ақысын есептеген кезде МӘМС-ке төлемдер мен аударымдарды жеке айларға бөлмей, бір төлеммен аударады. МӘМС жүйесінде жұмысшының төлемдері әр ай сайын үздіксіз түсуі тиіс. Осы жағдайда жұмысшы МӘМС жүйесінен шықпайды және жоспарлы медициналық көмектен айырылмайды», – деп түсіндірді ӘМСҚ елордалық филиалының басшысы.

Осыған байланысты жұмыс берушілерге айына бір рет өз қызметкерлерінің сақтандырылуын және жеңілдік берілетін санатына жата ма екенін тексеріп отыру ұсынылды.