Балалардың аулада жүруіне тыйым салынады – ПД басшысы
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов ауладағы балалар және спорт алаңында баласын ойнатқан ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Тұрғын үйлердегі балалар мен спорт алаңдарында жүруге, ойнауға болмайды. Полиция департаменті қалалық әкімдікпен бірлесіп, көптеген тұрғын үйдің ауласын қоршап қойды. Онда кіруге тыйым салынады. Егер соған қарамастан ата-аналар балаларымен бірге ауладағы балалар мен спорт алаңдарында жүрсе, әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деді Е.Сәденов.
-->Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов ауладағы балалар және спорт алаңында баласын ойнатқан ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Тұрғын үйлердегі балалар мен спорт алаңдарында жүруге, ойнауға болмайды. Полиция департаменті қалалық әкімдікпен бірлесіп, көптеген тұрғын үйдің ауласын қоршап қойды. Онда кіруге тыйым салынады. Егер соған қарамастан ата-аналар балаларымен бірге ауладағы балалар мен спорт алаңдарында жүрсе, әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деді Е.Сәденов.