Елорда жаңалықтары

Бетперде тақпау қандай жағдайда қылмыстық жауапкершілікке әкеледі – полиция ескертуі

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Саденов бетперде тақпау қандай жағдайда қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Біздің қызметкерлер азаматтармен күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Карантин нормаларын бұзғандарға ғана шара қолданамыз. Қазіргі кезде медициналық маска тағу-тақпау бойынша сұрақтар көп. Масканы тағу керек. Өйткені сіз вирустық инфекцияны тасымалдап немесе жұқтырып алуыңыз мүмкін. Егер де адам ауырғанын біле тұра, масканы кимесе, онда бұл қылмыстық жауапкершілік екенін ескертемін. Сол себепті полиция масканы міндетті түрде тағуға кеңес береді, бұл карантин режимінің нормасы», - деді Ержан Сәденов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

-->