Елорда жаңалықтары

Елордада корей балалары киімдерінің көрмесі ашылды

Астанадағы Тұңғыш Президент музейінде корей балаларының дәстүрлі киім үлгілерін көрсететін көрме ашылды, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Қазақстандағы балалар жылы аясында Корей мәдени орталығы ұйымдастырған «Ата-ана махаббаты» деп аталатын көрмеге корей халқының 80-ге жуық ұлттық балалар киімі «ханбок» түрлері қойылған.

Көрменің ашылу салтанатына Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Ку Хонгсок мырза және екі елдің мәдениет және өнер қайраткерлерімен қатар Қазақстан Республикасының дипломатиялық корпусының өкілдері де қатысты. Олар балалар киімдерінің эволюциясы және корей дәстүрлі киімдерінің мәдениеті туралы ақпаратты тыңдап, балалар костюмдерінің мәдениеті туралы біле алды.

Айта кетсек, аталған көрмені 27 қыркүйек пен 20 қарашаға аралығында корей мәдениетімен танысқысы келетін астаналықтар мен елорда қонақтары тамашалай алады.

-->

Мен Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Қазақстанда Чосон әулеті дәуірінен бастап бүгінгі корей дәстүрлі балалар костюмдерінің тарихымен таныстыратын «ханбоки» көрмесіне қатысқаныма қуаныштымын. Бұл көрме балалар киімінде сақталған ата-аналардың махаббатын, сондай-ақ ата-бабаларымыздың өз ұрпағына деген сенім-тілегін сезінуге көмектеседі деп сенемін, - деді Елші.