Елордадағы карантинге жабылған 23 нысанның 10-ы әлі ашылмады – Қисықова
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордадағы карантинге жабылған нысандардың азайғанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Эпидемиологиялық кезеңде Нұр-Сұлтандағы 23 нысан карантинге жабылған болатын. Бұл нысандарда эпидемиологияға қарсы тиісті шаралардың барлығы жүргізілді. Бүгінде карантиндегі нысандардың 10-ы қалды. 267 вирус ошағында дезинфекция жүргізілді. Бұл – науқастардың тұрғылықты жері мен жұмыс істейтін орындары. Жалпы, коронавирус инфекциясын тексеру жөнінде 17 414 лабораториялық зерттеу жүргізілді», – деді басқарма басшысы.
-->Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордадағы карантинге жабылған нысандардың азайғанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Эпидемиологиялық кезеңде Нұр-Сұлтандағы 23 нысан карантинге жабылған болатын. Бұл нысандарда эпидемиологияға қарсы тиісті шаралардың барлығы жүргізілді. Бүгінде карантиндегі нысандардың 10-ы қалды. 267 вирус ошағында дезинфекция жүргізілді. Бұл – науқастардың тұрғылықты жері мен жұмыс істейтін орындары. Жалпы, коронавирус инфекциясын тексеру жөнінде 17 414 лабораториялық зерттеу жүргізілді», – деді басқарма басшысы.