Сәуле Қисықова: 6 ірі емхананың кіреберісіне тепловизорлар орнатылды
Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордадағы коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар жайлы, сондай-ақ емханаларға орнатылған аппараттар туралы қозғап өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 науқас осыған дейін ауырып жүрген пациенттермен қарым-қатынаста болған. Яғни олар отбасы мүшелері және жұмыстағы әріптестері. Олар дереу оқшауландырылып, тексерістен өтті. Инфекция анықталған бойда ауруханаға жатқызылды. 3 оқиға мониторинг барысында анықталды», - дейді басқарма басшысы. Сәуле Қисықова сөз арасында астаналық ақхалаттылардың жүргізіп жатқан емдеу шаралары туралы айтып өтті. «Коронавирус инфекциясының кеңінен таралып кетпеуі үшін 6 ірі емхананың кіреберісінде тепловизор секілді аппараттар орнатылды. Олар келген жұрттың қызуын мониторингілейді. Егер келген адамның дене қызуы жоғары болса аппарат дабыл беріп, ол арнайы кабинетке дәрігермен кеңесуге жіберіледі», - деді С.Қисықова.
-->Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордадағы коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар жайлы, сондай-ақ емханаларға орнатылған аппараттар туралы қозғап өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 науқас осыған дейін ауырып жүрген пациенттермен қарым-қатынаста болған. Яғни олар отбасы мүшелері және жұмыстағы әріптестері. Олар дереу оқшауландырылып, тексерістен өтті. Инфекция анықталған бойда ауруханаға жатқызылды. 3 оқиға мониторинг барысында анықталды», - дейді басқарма басшысы. Сәуле Қисықова сөз арасында астаналық ақхалаттылардың жүргізіп жатқан емдеу шаралары туралы айтып өтті. «Коронавирус инфекциясының кеңінен таралып кетпеуі үшін 6 ірі емхананың кіреберісінде тепловизор секілді аппараттар орнатылды. Олар келген жұрттың қызуын мониторингілейді. Егер келген адамның дене қызуы жоғары болса аппарат дабыл беріп, ол арнайы кабинетке дәрігермен кеңесуге жіберіледі», - деді С.Қисықова.