Елорда жаңалықтары

Елордада 12 науқас ауыр халде жатыр – басқарма басшысы

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова астанадағы науқастардың жағдайы жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Нұр-Сұлтанда вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 260-қа жетті. Оның ішінде 48 пайызы - ер, 52 пайызы - әйел адамдар. Жалпы, жазылып шыққандар саны - 63 науқас немесе 25 пайыз, оның ішінде екі бала, 60-тан асқан төрт адам, 80 жастағы азаматша бар. Қазіргі таңда ауруханаларда 363 науқас ем алып жатыр. Оның 213-і коронавирустан емделушілер, 16 науқас - басқа облыстардың тұрғындары. Сонымен қатар, 12 науқастың жағдайы ауыр, оның төртеуі жасанды өкпе желдету аппаратына қосылған. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Басқа науқастардың жағдайы қалыпты», - деді С.Қисықова брифингте.

-->