Ауыр жағдайда ауруханаға түсті – Қисықова қайтыс болған азамат жайлы
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус инфекциясынан қайтыс болған елордалық азамат жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Өкінішке қарай бүгін коронавирус инфекциясынан тағы бір азамат қайтыс болды. Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз. Ол 11 сәуір күні жедел жәрдеммен провизорлық стационарға жеткізілген. Содан жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызылған. Ол бұған дейін артериялық гипертензия, қант диабеті, жүректің ишемия ауруы сияқты дертке шалдыққан. Науқастың жағдайы ауруханаға түскеннен бастап ауыр болған. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем жүргізілді. Алайда қарқынды терапияға қарамастан науқас көз жұмды. Сонымен қатар онымен жақын қарым-қатынаста болған туыстары коронавирус инфекциясына тест тапсырып, үй жағдайындағы карантинге орналастырылды», – деді басқарма басшысы.
-->Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус инфекциясынан қайтыс болған елордалық азамат жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Өкінішке қарай бүгін коронавирус инфекциясынан тағы бір азамат қайтыс болды. Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз. Ол 11 сәуір күні жедел жәрдеммен провизорлық стационарға жеткізілген. Содан жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызылған. Ол бұған дейін артериялық гипертензия, қант диабеті, жүректің ишемия ауруы сияқты дертке шалдыққан. Науқастың жағдайы ауруханаға түскеннен бастап ауыр болған. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем жүргізілді. Алайда қарқынды терапияға қарамастан науқас көз жұмды. Сонымен қатар онымен жақын қарым-қатынаста болған туыстары коронавирус инфекциясына тест тапсырып, үй жағдайындағы карантинге орналастырылды», – деді басқарма басшысы.