Елорда жаңалықтары

Астанада өткен йога сабағына 250-ден астам елордалық қатысты

Елордада республикалық «Қолжетімді спорт» жобасының ұйымдастыруымен ашық аспан астында йога сабағы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараны йога бойынша өз істерінің шеберлері Сұңғат Ысқақов пен Ольга Васильева жүргізді.

Жаппай сауықтыруға негізделген йога сабақтарына әр түрлі жастағы қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Ерекше форматта өткен іс-шараға ниет білдіргендердің қатары аз болмады.

Сонымен қатар, спорттық іс-шара қатысушыларына ұйымдастырушылар жоба серіктестерінің атынан сыйлықтар мен ұтыс ойынын өткізді. Іс-шараның бас жүлдесіне бір аптаға Түркияға екі адамға жолдама ойнатылды. 

Йога сабағына қатысқан астаналық Дарын Солтанғазинге Түркияға екі адамдық жолдама бұйырды.

-->

Йога сабағының мақсаты – халықты тұрақты түрде спортпен шұғылдануға баулу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, физикалық және рухани сауықтыру. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Триатлон саябағында алғаш рет тегін негізде йога сабағын өткізіп отырмыз. Жексенбілік сабаққа 250-ден астам қала тұрғындары мен қонақтары қатысуда. Өз істерінің шеберлері қатысушыларға ежелгі өнердің негізгі тетіктерімен таныстырып, дұрыс әрі жүйелі түрде йогамен дұрыс айналысудың тәсілдерін көрсетті, - дейді қолжетімді спорт жобасының жетекшісі Дана Тасболат.