Астанада «Адал көмек» акциясы өтті
Елордалық Халыққа қызмет көрсету орталығында жыл сайынғы «Адал көмек» акциясы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Оның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халыққа заңгер көмегін тегін көрсету.
Аталған іс-шара Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық мәселесіне арналды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері – тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар тұрғындарға тегін кеңес берді.
Құқық саласының мамандары қала тұрғындарына сыбайлас жемқорлық деген не, сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қандай екенін тағы да еске салды. Сондай-ақ заңгерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қандай мемлекеттік органдарға өкілеттіктер берілгенін және адамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін қандай жауапкершілік жүктелетінін айтты.
-->Елордалық Халыққа қызмет көрсету орталығында жыл сайынғы «Адал көмек» акциясы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Оның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халыққа заңгер көмегін тегін көрсету.
Аталған іс-шара Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық мәселесіне арналды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері – тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар тұрғындарға тегін кеңес берді.
Біздің халықта сыбайлас жемқорлықты қоса алғанда, жалпыға ортақ мәселелерді шешуге қажет білім болуы тиіс. Біздің барлығымыз сыбайлас жемқорлықты барынша азайту және жою үшін онымен күресуге мүдделіміз. Мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өтеді, біз мұны үшінші жыл өткізіп тұрмыз. Халықпен кездесуден бөлек, түрлі ұйымдардың қызметкерлері үшін тренингтер, семинарлар өткіземіз, - дейді «Қазақстандық даму қауымдастығы» қоғамдық ұйымының атқарушы директоры Анар Бітебаева.